Жапонияда зілзала құрбандарының саны 215-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зілзала құрбандарының саны 215-ке жетті

12.01.2024

Жапонияда зілзала құрбандарының саны 215-ке жетті. Бұл деректі "The Japan Times" басылымы жариялады. Ақпаратқа сай, 38 адам жоғалып кеткендер тізімінде. Ал эвакуацияланған адам саны 24 мыңнан асты. Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен аймақтарда ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 6 мыңнан аса сарбаз жұмылдырылған. Қуаты 7,6 баллдық дүмпу Жапонияның Исикава префектурасындағы Ното түбегінде қаңтардың бірінде болды. Үйсіз қалған азаматтарға уақытша баспаналар тұрғызылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу