Басты Жаңалықтар Павлодар облысында өртенген үйден 8 жастағы баланың мәйіті табылды

Павлодар облысында өртенген үйден 8 жастағы баланың мәйіті табылды

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында тұрғын үй өртеніп сегіз жастағы бала қаза тапты. Ал иіс тиіп құлап жатқан 10 жастағы қыз баланы учаскелік инспектор құтқарды. Қазір ол Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Үйдің ішінде 6 адам болған. Отбасының басқа мүшелері аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Болат Аманбаев






Бөлісу