Ұлттық құндылықтарды ұлықтау міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау міндет

05.01.2024

Мемлекет басшысы өткенмен өмір сүрмей, келешекке нық қадам басуға үндеп, еліміздің басын біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырды. Соның ішінде төл жаңа жылымыз әз Наурызды естен шығармай, оның мазмұнын байыту керектігін баса айтты. “Бұл тұрғыда ұлттың қаймағы саналатын зиялы қауым өкілдеріне, әсіресе аузы дуалы ақсақалдарымызға артылар сенім зор. Себебі олар – болашақ жастарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеуші”, дейді Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Жангелді Тәжин, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Кеңестер одағының құрамында болып, ұлттық псигологияны, ұлттық құндылықтарды кішкене жоғалтып алған адамдармыз. Жұрттың бәрінің кәзір есінде жүргені – Наурыз мерекесі. Даңқты ақын-жаузшылар, ғылыми жетістікке жеткен даңқты жерлестеріміздің, осындай батыр ұлдарымыздың мерекесін тойлау – ұлттық құндылықты, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға өзіне мән беретін жағдай деп ойлаймын.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу