Жетісу облысындағы Үшарал-Достық жолында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысындағы Үшарал-Достық жолында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды

05.01.2024

Жетісу облысындағы Үшарал-Достық жолында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды. Республикалық маңызы бар трассада жүк көліктерін тізгіндеген 40 адам Беларусь Республикасының азаматы болып шықты. Олардың бәрін құтқарушылар аман-есен Достық станциясына эвакуациялады. Жүргізушілер мединалық көмекке жүгінген жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше жол әлі жабық. Сондықтан тұрғындардың жолға шықпауларын сұрайды. 

Қуаныш Қанатұлы





Хабарламаларға жазылу