Жетісу облысында жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жолдар жабылды

29.12.2023

Жетісу облысында екі бағыт бойынша жол жабық. Атап айтқанда, «Сарыөзек-Көктал» және «Үшарал-Достық» тас жолдары боран салдарынан жабылды. Ал бұған дейінгі ақпаратқа мән бермей сапарға шығып кеткен 18 адам қар құрсауынан құтқарылды. Жолаушылар арасында 9 бала бар. Өңірде ауа райы құбылмалы. Солтүстігінде қатты жел, бұрқасын болса, кейбір аудандарда жаңбыр жауып, көктайғақ болып тұр.

Қостанайда тағы да ақтүтек боран соғып жатыр. Желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін жетеді. Аймақта облыстық маңызы бар барлық жол жабылған. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, елді мекен аумағынан шықпауға кеңес береді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу