Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу үшін шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылған
Бүгін бізде студиямызда қонақта ҚР көркем академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов. Президент сұхбатта биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмысы аяқталатынын айтты. Елден 200-ден аса, ал шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылған еңбек параграфтарға бөлінді, талқыдан өтті. Қысқасы, ғалымдар қазір ел тарихын жазып жатыр. Қазақстан аумағында өткен тарихи оқиғалар жаһандық үдерістермен қалай сипатталуы керек? Есте болса, мұндай параллельде бейнелеуге Президент ұлттық құрылтайда тоқталған.
Көптомдықтың тілі – жеңіл, мәтіні – кез келген жастағы оқырманға түсінікті болуы керек деді Мемлекет басшысы. Әрине, тарихта жылдар, оқиғалар көп. Оны тек мазмұнды әрі жеңіл етіп жазумен ғана оқырманға жеткізе аламыз ба?
Кейінгі уақытта ұлттық құндылық, тарих, руханият мәселесіндегі өзекті сұрақтар Ұлттық құрылтайда жиі көтеріліп жүр. Осы сұхбатта да Президент Құрылтайдың идеологиядағы тиімді пікірталас орнына айналғанына тоқталды. Жаңа сипаттағы құрылтайдың рөлі туралы қандай пікір айтасыз?
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
