«АлматыЭлектроТранс» мекемесінің бұрынғы басшысына іздеу жарияланды. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. Онда Берікхан Мырзакәрімовтың тоғыз күннен бері іздеуде екені жазылған. Ол «АлматыЭлектроТранс» компаниясын 2022 жылға дейін басқарған. Іздестіруді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті айналысуда. Еске сала кетейік, 2022 жылы қыркүйекте «АлматыЭлектроТранстың» тағы бір басшысы Бекмырза Игенбердинов қызметінен шеттетіліп, қамауға алынған. Антикор оның кәсіпкерден 160 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген. Сот шешімімен ол былтыр тамыз айында бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Қуан Нұрақын