«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

30.07.2019
«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

«Астана LRT» ЖШС-ның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында компанияның бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланғанын айтты. 

«Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу туралы өтінішхат жолданды. Сонымен қатар, оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі кезде Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр», - деді Б.Игенбердинов.

Хабарламаларға жазылу