Алматыдағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

16.01.2023

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. Алматы облысының криминалдық полициясы төрт адамға, яғни Данияр Әбдіғапаровқа, Жұмадин Патовқа, Қанат Жақаевқа және Айдос Нұрқалиевке алаяқтық жасады деген айып таққан. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалды. Облыстық прокуратура бұл істі өз бақылауына алған. Іздеу салынғандар құрылысы жүріп жатқан павильондағы сауда орындарын алу үшін сатушылардан қомақты ақша жинап алған. Алайда ғимарат толық бітпеген, ал базар басшылығы ауысып кеткен. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу