Оралда дәмханада жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда дәмханада жарылыс болды

04.01.2024

Орал қаласында дәмханада жарылыс болып, өрт шықты. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 қаңтар күні сағат 02:07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады. Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап,зардап шеккендер бар екендігін жеткізді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу