Алматыдағы дәмханада жарылыс қаупінің алды алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы дәмханада жарылыс қаупінің алды алынды

27.06.2022

Алматыда екі қабатты дәмхана отқа оранды.

Оқиға Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында болған. Жалын 400 шаршы метр жерді шарпыған. Отты сөндіруге 23 арнайы техника мен 55 маман жұмылдырылды. Төтеншеліктер жалынмен күрес кезінде 50 литрлік 3 газ баллонын алып шықты. Яғни, осы арқылы жарылыс қаупінің алды алынды. 

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Әзірге оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу