Сарапшы: Референдум өткізу – тарихымыздағы маңызды оқиға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Референдум өткізу – тарихымыздағы маңызды оқиға

03.01.2024

Қасіретті Қаңтар оқиғасына жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар себеп болды. Бұл Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтқан сөзі. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев 2019 жылғы Президент сайлауынан соң мемлекетіміз саяси жүйені демократияландыруға, қоғамдық өмірге еркіндік сипат беруге, экономиканы монополиядан арылтуға бет бұрғанын айрықша атап өтті.

Ермек Бауржанұлы, Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бөлім басшысы:

Президент наурыз айындағы жолдауында 2022 жылы осы кешенді саяси реформа бағдарламасын жариялады. Бұл реформа Конституцияға өзгерістер енгізуден басталды. Сондықтан біздің тарихымыздағы өте маңызды бір оқиға ол референдум өткізу. Сол референдумда бұл өзгерістерді азаматтармыз қолдады.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу