Назарбаев Ресейге сәттілік тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев Ресейге сәттілік тіледі

05.02.2014
Назарбаев Ресейге сәттілік тіледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Сочи Олимпиадасын сәтті өткізуіне тілектестігін білдірді. «Біз әлем көз тіккен  маңызды оқиға - Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында  кездесіп отырмыз. Бұл ТМД елдері арасында тұңғыш болғалы тұрған жарыс. Сондықтан, ойынды ұйымдастырушы ел біздің стратегиялық серіктесіміз – Ресей Федерациясына сәттілік тілеймін»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада дипломатиялық корпуспен кездесуінде.
 
«Сіздердің құрама командаларыңызға жеңіс тілей отырып, 2022 жылы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын иелену мәселесі бойынша сіздің ел Алматыны қолдайды деген сенімдеміз»,-деді Елбасы.
 
Еске сала кетейік, Сочи Олимпиадасы 7 ақпан күні басталады. Әлемдік доданың ашылу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу