АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданы мен Рузвельт аралында және Квинсте бірнеше жарылыс болды. Одан «ғимараттар дірілдеп, дүпму сезілген». Әзірге зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ. Жарылыстың себебі анықталмай отыр. Кейбір нысандарда өрт шығып, жарық өшкен. Бірнеше тікұшақ әуеге көтерілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұның бәріне жер сілкінісі себеп болуы мүмкін. Алайда, зілзаланың ешқандай белгісі байқалмаған.
Арыстан Рысбек