Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы президенттік шыршаға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы президенттік шыршаға қатысты

29.12.2023

«Жаңа жыл республика төрінде». Биыл дәстүрге айналған президенттік шырша осылай деп аталды.

Таңғажайып ертегі әлеміне толы кешке еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы қатысты. Олардың барлығы үлгілі оқушы. Бірі сабағын беске оқыса, енді бірі шығармашылық, спорт жағынан үздіктер қатарында. Салтанатты шараға қатысушылардың ішінде он жастағы Малика Мұхамеджанова да бар. Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайын ауданы Смирново ауылынан келген оқушы осы шараға өз қолымен 100 раушан гүлінен сәнді көйлек тіккен. Ал, Сәния Ақпанова аңыз болған Самұрық құсының образында болды. Көздің жауын алатын арнайы костюмде алып құстың қанаты, бет-бейнесі тура аңыздағыдай бейнеленген. Президент шыршасына арнайы келген балалардың барлығы үш күн бойы Астананың көрікті жерлерін аралады. Оқушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат пен арнайы сыйлық табыс етілді. 100 баланың әрқайсысына планшет берілді. Одан бөлек сыйлық сөмкесінде түрлі энциклопедиялық кітаптар мен тәттілер бар.

Эльанора Қыдырәлі, Алматы облысындағы Сұңқар орта мектебінің оқушысы:

Мен Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұңқар ауылынан келіп отырмын. Бізге Президент шыршасынан айпад берді. Бұл менің арманым болатын. Қуанышымда шек жоқ. 


Хабарламаларға жазылу