Тбилисидегі халықаралық олимпиадаға 90 қазақстандық оқушы аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисидегі халықаралық олимпиадаға 90 қазақстандық оқушы аттанды

03.05.2015
Тбилисидегі халықаралық олимпиадаға 90 қазақстандық оқушы аттанды

Тбилисиде жас ғалымдардың ІХ халықаралық олимпиадасы басталды. Дәстүрлі көктемгі білім бәйгесіне Қазақстанның барлық өңірінен 90 оқушы аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дарынды жастар жаңа технологияны өндірісте және тұрмыста қолданудың тиімділігі жөніндегі жобаларын ұсынып жатыр. Олимпиадаға келген әр оқушы облыстық және республикалық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен жеңімпаздар. Таңдау комиссиясы тарапынан жасалған ескертулер мен қосымша бағыттарды енгізіп, түзетуге 3 ай уақыт берілген. Жастар шешуші кезеңде өз жобаларын үздік қорғап шығуы тиіс.

100 жобаның 30-ын қазақстандық оқушылар ұсынып отыр. Ал жеңімпаздарға халықаралық олимпиадаға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарына грант беріледі. 

Хабарламаларға жазылу