Өскемен қаласында үздік оқушылар бақтарын сынауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласында үздік оқушылар бақтарын сынауда

12.04.2016
Өскемен қаласында үздік оқушылар бақтарын сынауда
Сынақ тест түрінде, физика және математика пәндерінен жүріп жатыр.

Алматы қаласындағы Республикалық дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды еліміздің әр өңірінен қабылдамақ.

Көптен бері мүмкін болмай, енді қайта қолға алынған үрдіс кез келген оқушының білімін тереңдетуге жол ашып отыр. Осы орайда білім ордасының ұстаздары жер-жерде дарынды оқушыларды іріктеу сынақтарын өткізуде.

Сынақ тест түрінде, физика және математика пәндерінен жүріп жатыр. Бір ғана Өскемен қаласында әр мектептің 7-8 сыныптарында оқитын балалардан 300-дей үздік оқушы өз қалауымен сынаққа қатысып, есеп шығарды.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу