Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі – қазірдің өзінде 758 млрд теңге. Бұл – негізінен сүт және тоқыма өнімдері, электр жабдықтарын өндіру есебінен болған.
Түркістан облысының әкімдігі жариялаған мәліметтерге сай, аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы ахуал қалыптасқан. Биыл кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28 мыңға көбейіп, 213 мыңға жеткен. Бұған мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың әсері мол. Биыл өңірде рекордтық 3,3 млн тонна көкөніс жиналды. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 трлн теңгеден асты. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы арқылы осы жылдың 10 айында бизнес субъектілері 21,3 млрд теңге жеңілдетілген несие алды. Өз ісін бастаған азаматтардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда-саттық, туризм және өнеркәсіппен айналысады.
Қаракөз Тұрмағанбет