Қазақстанда кәсіпкерлерді қаржылай қолдау артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кәсіпкерлерді қаржылай қолдау артып келеді

15.12.2023

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер бизнесті дамытуға арналған бағдарламаларға белсенді қатысып жатыр. Нұрбанк мемлекет және «Даму» қорымен бірлесіп, ең өзекті әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруда үлесін қосып келеді.

«Нұрбанктің» Астанадағы филиалдар желісі азаматтарға несие алуды жеңілдетіп, ең қолайлы шарттарын ұсынады. Және бизнесті одан әрі дамытудың оңтайлы жолын тауып келеді. Мәселен, биыл елордалық кәсіпкерлердің шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға 2,5 миллиард теңге бөлген.

Нұрбол Қосман, «Нұрбанк» АҚ Астана Қ. филиалы директорының орынбасары:

Нұрбанк аймақтағы банктер арасында шағын және орта бизнес жобаларын қолдау бойынша көшбасшылардың бірі. Біз клиенттермен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға басымдық береміз. Сондықтан, олардың көпшілігі 20 жылдан астам уақыттан бері қызметімізді пайдаланып келеді.

Филиал экономиканың нақты секторын несиелеу бойынша белсенді түрде қызмет көрсетіп келеді. Былтыр филиалдың депозиттік портфелі 59%-ға өсті. Қаржыландырған шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі бағыттары: әлеуметтік мақсаттағы қызметтер, логистика, бөлшек сауда, қызмет көрсету және өндіріс салалары.

Нұрбол Қосман, «Нұрбанк» АҚ Астана қ. филиалы директорының орынбасары:

Банк білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобаларды белсенді түрде несиемен қамтамасыз етіп келеді. Әйел кәсіпкерлерге және «жасыл» технологияларға қатысты жобаларға көңіл бөлеміз. Банк жеке тұлғалармен де белсенді жұмыс істеп, есепшот пен дебеттік карта ашу, кредиттеу, қолайлы шарттармен депозит ашу және халықаралық аударым қызметін ұсынады.

«Нұрбанктің» Астанадағы филиалы 2000 жылы ашылған. 23 жылдың ішінде банк нарығында клиентке қызмет көрсетуі толық қалыптасып үлгерді. Жалпы, НҰРбанк 30 жылдан аса уақытта бері қызмет етіп келеді. Клиенттерімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатып, тұрақты қаржы институты ретінде өзін көрсете білді.


Хабарламаларға жазылу