Орталық Азия елдерінің ортақ мүддесі мен міндеттері бекітілген «Түркістан» декларациясы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдерінің ортақ мүддесі мен міндеттері бекітілген «Түркістан» декларациясы қабылданды

12.02.2023

Осы аптада Орталық Азия елдерінің ортақ мүддесі мен міндеттері бекітілген «Түркістан» декларациясы қабылданды. Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан, Тәжікстан сынды 5 мемлекеттің сенаторлары Түркістан қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумында бас қосты. Олар қазіргідей әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрғанда бұл құжаттың маңызы зор,-деді.

Сондай-ақ аймақта ынтымақты нығайтып, сыртқы және ішкі қатерлерге біріге қарсы тұру тетіктерін талқылады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуін жеткізіп, көрші елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан қарым-қатынасы соңғы кезде жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Бүгінгі форум тарихы мен тамыры бір, діні мен мәдениеті ортақ Орталық Азия елдерінің ынтымағын арттыру жолында айрықша маңызға ие. Шын мәнінде, мұндай алаңдар біздің халықтарымыздың бауырластығы мен достығын одан әрі нығайтуға үлкен үлес қосады.

Форумға қатысушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге де назар аударды. Жиында бабалар рухы мен Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының рухына құран да оқылды. Ал жаңа декларацияға әр елдің сенаторлары өз Парламенті атынан 14 бағыт бойынша ұсыныс білдірді. Олар су ресурстарын бірлесіп пайдалану, еркін сауда айналымы мен энергетикалық тұрақтылық қамтамасыз ету, транспорттық инфрақұрылымды дамытуға арналған.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу