Солтүстік Қазақстан облысында жарық жүйесі толық қалпына келтірілді. 26 желтоқсан күні боран салдарынан сымдар үзіліп, 180-нен астам елдімекен электр қуатынсыз қалған еді. Апаттық бригадалар тәулік бойы жұмыс істеді. Өңірегі электр желілерінің 90 пайызға жуығы тозған. Қолайсыз ауа райы болса, жағдай тағы да қайталануы мүмкін. Сондықтан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары алдағы мереке күндері де бірнеше апаттық бригада кезекшілік атқаратынын жеткізді.
Эльмира Кәленова