Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарына бір аптадан кейін жарық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарына бір аптадан кейін жарық берілді

25.11.2023

Ал бір апта бойы жарықсыз отырған Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарына жарық берілді. Аймақта өткен сенбі күні боран болып, электр сымдары үзіліп, бағандар құлаған еді. 183 елді мекен жарықсыз қалды. Мамандар бір апта бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазір барлық елдімекенге жарық берілді. Дегенмен, ақау толық жойылған жоқ. Бірнеше ауданға электр қуаты Ақмола облысы мен Ресейден тасымалданып отыр. Облыстық әкімдік өкілдері жуық арада жағдай реттелетінін жеткізді.

Эльмира Кәленова

Солтүстік Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу