Шығыс Қазақстанда 76 миллион түп көшет егіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 76 миллион түп көшет егіледі

28.12.2023

Еліміз бойынша 1,5 миллион гектар қылқан жапырақты орман болса, оның 50 пайызға жуығы шығыста өседі. Ол ерекше қорғауда.Көлемін одан ары көбейту үшін Президент арнайы тапсырма да жүктеген. Соған сәйкес тек шығыста 2025-жылға дейін 76 миллион түп ағаш егу жобасы жасалды. Бұл жобада тек көшет егу емес орманды сақтау талабы да бар. Ал жаңа жыл жақындағанда өңірдегі инспекторлар күзетті күшейтті.

Орманды жыл он екі ай күзету, сақтау, қорғау инспекторлардың негізгі міндеті. Ал Жаңа жыл қарсаңында қырғалықты тіпті күшейтеді. Өйткені шыршаға заңсыз балта шабатындар әлі де бар. Сондықтан желтоқсанның жиырмасынан қаңтардың бесіне дейін 8 мобильді топ құрылып, 50 адам тәулік бойы орманды күзетеді.

Бейбіт Омарбеков, Өскемен орман шаруашылығы директорының орынбасары:

Әр мобильді топта 4-5 адамнан жұмыс атқарады. Мобилді топтардың негізі міндеттері жергілікті тұрғындар және демалушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Осындай жұмыстардың арқасында соңғы жылдары заңсыз ағаш кесу, деректері тіркелген жоқ.
Жаңа жыл қарасаңында шырша саудасы да қызады. Дегенмен соңғы 5 жылда үлкен шыршаны тек мемлекеттік мекемелердің тапсырысы бойынша кесіледі. Одан қалған бұтақтарды ғана кәсіпкерлер рұхсат қағазбен саудалайды. Ал базарларға шыршаның қайдан әкелінгенін полиция тексереді.

Вера Викторова, сатушы:

Жылына бір рет қана шырша саудасын жасаймыз. Бірақ биыл бұрынғыдай емес сатылым өте төмен. Оның үстіне тек бұтақтарын ғана сатуға рұқсат. Халық жасанды шыршаға үйренді.

Олжас Маузия, жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы:

Рейд барысында батольон қызметкерлерімен бірге біз Өскемен қаласына кіретін және шығатын жерлерде рейдттік іс шаларады жүргіземіз. Қалаға кірген көліктерінің үстінде шырша тасымалданса, оның құжаттары да тексеріледі.
Тексеру мен қадағалаудың нәтижесінде соңғы жылдары орманды заңсыз отау дерегі тіркелмеген. Есесіне өрт жалмап жатыр. Тек 2023 жылы өңірде 15 мың гектар орман күлге айналды. Оның орнын толтыру үшін облыста 2025 жылға дейін арнайы жоба жасалды.
 
Арман Есентаев, Облыстық табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары:

2025 жылға дейін жалпы мына өртенген көлемді бүкіл қалпына келтіру деген жоспар бар. Ал Семей орманы бойынша айтатын болсақ, оның көлемі өте үлкен болды. Ол жерде республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, тиісті көшеттер дайындалуда. Келесі жылдан бастап көшеттерді отырғызу басталады.
Облыста 3 ұлттық парк пен 13 орман шаруашылығы бар. Әрқайсысы мыңдаған гектар алқапты алып жатса да, әр мекемеде жүзден астам орманшы еңбек етеді. Ерекше қорғаудағы сол мыңдаған гектарды сақтау, күзету, қорғау, көбейту орманшыларға жүктелген.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу