Отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды

27.12.2023

Түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі. Естеріңізге салайық, бүгінде республика бойынша «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Қазір елімізде, отшашуларды өндіріп, оларды сатумен айналысатын 40-тан астам заңды тұлға тіркелген.

((ШВ: 6098/00:01-00:10 500-ден басталады да ең қымбаты 60 мыңға дейін. Міне мыналар: 60 мың, 35 мың.

КТМ: Темірхан Зерде екі-үш жылдан бері пиротехникалық бұйымдарды сатумен айналысады. Бір ай бұрын Полиция бөлімшесінен рұқсат қағазын да алған. Алайда, жеке кәсіпкер келесі жылдан бастап отшашуларды сатуды мүлде тоқтатамын деп отыр.

СХН: Темірхан Зерде сатушы

6095/00:08-00:24 Клиенттер жылдан жылға азайып жатыр. Біреулер қорқады. Қазір көбі жаңа жыл тойламайды. Артық ақша шығарғысы келмейді. Сол енді ақырын-ақырын өтеді. Қырып сатып жатқанымыз шамалы.

КТМ: Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды заңсыз саудалайтындар 31-желтоқсанда көбейіп кететінін жасырмады. Оларға биыл 86 мың 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген. Ал тәртіп сақшылары осы айдың 25-нен бері сауда орындарын тексеріп, күшейтілген рижемде жұмыс істеп жатыр. Астанада екі күннің өзінде сертификатталмалмаған отшашуларды сатқан 7 адамға хаттама толтырылды.

СХН: Мирхат Орақбаев Байқоңыр ауданы полиция басқармасының майоры:

6106/00:36-00:58Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтар аралығында Астана қаласы бойынша пиротехника жедел профилактика іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты- қоғамдық тәртіпсіздікті болдырмау, оқыс-оқиға орнына жедел жету және заңсыз сауда-саттықты болдырмау болып табылады.

КТМ: Отшашуларды алған кезде сатушыдан өнімнің сертификатын талап етіңіз. Оған қоса пиратехниканың қорабында мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулық міндетті түрде болуы керек, дейді орган өкілдері. Ал кәмелет жасқа толмаған балалар жарылғыш бұйымдарды пайдаланса ата-анасына 70 мың теңге айыппұл салынады. Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге көзделген.

БЛИЦ:

6116/00:02-00:06 /Қолдары жарылады, көздері көрмей қалады. Неше түрлі жағдайлар болып жатыр ғой/

6111/00:07-00:10 /Атылып кету мүмкін. Балаларыма, немерелеріме зияны тиеді./

6114/00:21-00:29 /Балдарыма алмаймын. Үйретіп қойғам «Алмайсыңдар»,-деп. Көршілеріміз алады. Солардікіне қарай саламыз./

Ал кеше ғана Шымкентте отшашудан «шоу» жасаған жігіттер жауапқа тартылды. Тексеру кезінде көліктен 43 пиротехникалық жарылғыш заттар тәркіленді. Абырой болғанда, полицейлер заң бұзушылықты дер кезінде тоқтатқан. Жаңа жыл қарсаңында дәл осындай оқыс оқиғалар көбейіп, отшашудан опық жегендердің саны артады. Өкініштісі, олардың дені мектеп оқушылары. Қазір осы олқылықты алдын алу мақсатында білім ошақтарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу