Отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды

27.12.2023

Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге қарастырылған. Себебі, бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі. Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.

Асылбек Идрисов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы:

Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу