Енді коррупционерлерді жұмысқа алған басшыларға 300 мың теңге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді коррупционерлерді жұмысқа алған басшыларға 300 мың теңге айыппұл салынады

21.04.2021

Енді коррупционерлерді жұмысқа алған басшыларға 300 мың теңге айыппұл салынады. Биылдан бастап бұрын жемқорлықпен сотталғандарды квазисекторда кез келген лауазымға қабылдауға тыйым салынды. Демек парамен ұсталғандар қылмыстық жазаға тартылып қана қоймай, мансаптық өсуіне де балта шабады. Сыбайластық салдарынан былтыр үш тоқсанда экономикаға 20 млрд теңге шығын келген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 34%-ға көп.

Ал, мемлекеттік немесе соған теңестірілген қызметкерлерге 6 мың теңге көлемінде тарту жасағандар 100 есе артық айыппұл арқалайды. Егер заңды тұлға болса 2 млн теңгеден асады. Сыйлық беруін қайталаса қылмыстық жазаға тартылуы да мүмкін. Өз кезегінде мемлекеттік қызметкер де оңай сытылып кетпейді. 1 млн 750 мың теңгеден аса айыппұл төлейді. Тіпті, сотталуы да мүмкін.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу