Елімізде бірқатар әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бірқатар әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті

04.01.2023

Елімізде бірқатар әлеуметтік төлемдер мөлшері өсті. Енді «2023 – 25 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге, айлық есепті көрсеткіш 3 450 теңге болып бекітілді. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 21 907 теңге, ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге болды. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс көлемі 40 567 теңге болып өзгерді. Сондай-ақ, бала күтіміне байланысты төленетін қаржы да өсті. Бірінші балаға – 19 872 теңге, екінші балаға – 23 495 теңге, үшінші балаға – 27 083 теңге беріледі. Бұған дейін Президент бала күтіміне берілетін төлем мерзімін бір жарым жылға ұзартуды тапсырған еді.

Айыппұл мөлшері өсті

Сондай-ақ, айыппұл өсті. Жылдамдықты 10-20 шақырымға арттырғаны үшін жүргізушілер 17 250 теңге, сағатына 20-40 шақырымға арттырса, 34 500 теңге айыппұл төлейді. 40 шақырымнан асырғаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу