Астанада қызылша жұқтырғандардың саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қызылша жұқтырғандардың саны артты

27.12.2023

Астанада күн сайын орта есеппен қызылшамен ауырған 45 адам тіркеледі.

3300-ден астам науқастың 71 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Дені вакцина алмаған. Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы екпесі жоқ адамдар анықталуда. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қараша айынан бері 35 754 адамға вакцина салынды.

Динагүл Баешева, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының кафедра меңгерушісі:

Бүкіл елдерді озып, дүние жүзінде 3-ші орынға келіп отырмыз. Неге десеңіз ауырған адамдардың саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұл өте қауіпті ауру. Бұның жұқпалы индексі 100 пайыз.

 Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу