Қазақстанда 107 адамнан қызылша ауруы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 107 адамнан қызылша ауруы анықталды

31.03.2023

Қазақстанда 107 адамнан қызылша ауруы анықталды. Оның 12-сі сырттан келгендер. Дәрігерлер індетке шалдыққандардың саны әлде қайда көп болуы мүмкін дейді. Елордада 169 адам тексеріліп, оның 107-де диагноз расталған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызылша диагнозы қойылғандардың 96 сы 14 жасқа дейінгі бала. Індет жұқтырғандардың көпшілігі ауруға қарсы екпе алмаған. Қызылша аса жұқпалы дерт. Ол ауа арқылы таралады. Санитар дәрігерлер елде эпид жағдайдың күрделене түскенін айтып отыр. Сондықтан өңірлерге қатаң мониторинг жүргізу тапсырылды.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу