Қырғызстанда мемлекеттік ту ресми түрде өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда мемлекеттік ту ресми түрде өзгерді

26.12.2023

Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң күшіне енді. Мемлекеттік символдың жаңа үлгісі ресми түрде бекітілген. Бұл туралы ақпаратты көршілес елдің басылымдары жариялап жатыр. «Жогорку Кенеш» туды өзгерту туралы заңды 20-желтоқсанда қабылдаса, оған президент Садыр Жапаров екі күннен кейін қол қойған. Жаңа үлгіге сай, қырғыз туындағы күн сәулесі иректен түзу сызыққа өзгертілді. Бұған дейін онда бейнеленген күн күнбағысқа ұқсайды деген пікір айтылған еді.


Хабарламаларға жазылу