Бүгін - Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні

18.08.2015
Бүгін - Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні

Алайда ресми түрде бұл дата мемлекеттік мерекелер күнтізбесінде тек 2012 жылдың 29 тамызында пайда болды.

1991 жылы КСРО құлағаннан кейін Қазақстан мемлекеті өзінің шекаралық әскерін құруға кірісті. Оның негізі штабы Алматыда орналасқан Қызыл ту орденді Шығыс шекаралық округте қаланды. Ол кезінде КСРО бойынша ең мықты әскери бөлім саналған.

Осыған қарамастан, республика барлық шекаралық әскерді жаңадан құруға тура келді. Қазіргі таңда шекарада жеке құрамның жартысы келісімшарт бойынша қызмет етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін оның шекарасы мен ұзындығы өзгерді. Себебі КСРО кезінде тек Қытаймен іргелес 1,7 мың шақырымдық жер күзетілетін.

Ал, бүгінгі күні Қазақстанның Шекара қызметі 5 мемлекетпен шектесетін 15 мыңнан аса шақырым ұзындықтағы жерді бақылауда ұстайды. Олар тек тау мен шөлде ғана емес, сонымен қоса әуеде және Каспий теңізінің акваториясында қызмет етеді.

 

Хабарламаларға жазылу