Биыл 4,6 млн га бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды
Биыл елімізде 4 млн 600 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімдері пайдаланылмай жатқан немесе заңнама талаптарын бұза отырып берілген. Бұл туралы Үкімет сайтында жарияланды. Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 1,2 трлн теңге бағытталған. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 8,2 трлн теңгеге жеткен. Мал шаруашылығы саласында да, тұрақты өсім байқалады. 11 айда өнім өндіру көлемі 3,3%-ға артып, 4 трлн теңгеге жуықтаған. Ал азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9%-ға өскен, бүгінде 3 трлн теңгеге жетеғабыл. Сонымен қатар, биыл отандық агроөнеркәсіп кешені саласында 164,5 млрд теңгенің 207 инвестициялық жобасы іске қосылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстан қазақтары мерекемен құттықтады
23.10.2025, 13:21

Қостанайда Республика күніне орай жаңа саябақ ашылды
23.10.2025, 13:18
Астанада мектеп оқушылары 250 түп ағаш екті
23.10.2025, 13:12
Жаңа Зеландияда төтенше жағдай жарияланды
23.10.2025, 13:10
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды
23.10.2025, 13:08
Сенат ЖИ туралы заңды Мәжіліске қайтарды
23.10.2025, 13:06
ЖИ заң саласына жүйелі түрде енгізілуде
23.10.2025, 13:03
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 12 адам қаза тапты
23.10.2025, 13:00