Биыл елімізде 4,6 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер телімдері пайдаланылмай жатқан немесе заңнама талаптарын бұза отырып берілген. Бұл туралы Үкімет сайтында жарияланды. Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шамамен 1,2 трлн теңге бағытталған. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 8,2 трлн теңгеге жеткен.
Мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім байқалады. 11 айда өнім өндіру көлемі 3,3%-ға артып, 4 трлн теңгеге жуықтаған. Ал азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9%-ға өскен, бүгінде 3 трлн теңгеге жетеғабыл. Сонымен қатар биыл отандық агроөнеркәсіп кешені саласында 164,5 млрд теңгенің 207 инвестициялық жобасы іске қосылған.
Қаракөз Тұрмағанбет