Жамбылда жолаушылар пойызы тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда жолаушылар пойызы тоқтады

21.12.2023

Жамбылда тағы да пойыздар тоқтады. 30-дан аса жолаушылар пойызы өз кестесінен кешігуде. «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы шойын жолдарды қар басып қалғандықтан қозғалыс уақытша шектелгенін айтады. Сондықтан «Шымкент-Тараз» және «Шу-Отар» учаскелерінде пойыздар қозғалыс жылдамдығына шектеу енгізілген. Салдарынан 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен артта қалды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін алты жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Жолаушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары жалғасуда. Әзірге 11 мың текше метр қар тазаланған. Қордай және Шу аудандарында пойыздардың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы штаб құрылды.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу