Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін».
Самал Қабышева