Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

22.07.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және өзімнің атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қажеттілік болған жағдайда Қазақстан Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын екенін нақтылады.

Хабарламаларға жазылу