Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

04.08.2014
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Юньнань провинциясындағы Чжаотун қаласында зілзала салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта қайғылы жағдай туралы суық хабарды Қазақстан халқы зор  күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтардың және жеке өз атынан Си Цзиньпинге, сондай-ақ, қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас ауыр қайғыларына ортақтастығын білдірді.

«Қытай халқына басына түскен қасіретті көтеретін күш-қуат тілеймін. Қабылданып жатқан шаралар табиғи апаттың салдарын еңсеруге мүмкіндік береді деп сенемін»,  делінген жеделхатта.

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу