Алдағы екі жылда еліміздегі балабақшаларда 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Бұл ретте кешенді жоспар түзіліп, кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылды. Сонымен қатар, кадрлық әлеуетті күшейту мақсатында 20 мыңнан астам педагог кәсіби біліктілігін арттырады. Биыл мектептке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30 пайызға өсті. Еңбекақыны жыл сайын арттыру, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай - 2020 жылдың қаңтарынан бері жүзеге асырылып келеді.
Рәзия Әбдірахманова, балабақша құрылтайшысы:
Баяғыда ең бірінші зарплата көтеретін үкіметтік балабақшаларға. Ал біздің жеке меншік балабақшалар күтетін. Қашан бізге көтереді деп. Қазіргі күнде бәріміздің жағдайымыз бірдей болды. Біздің үкімет көбірек көңіл бөліп жатқанына мың рақмет айтамыз.
Жандос Темірғали