Ақтөбеде балабақшаларға жолдама беру басталды. Жолдама, ең алдымен, жасы мектеп алды дайындық тобына жеткен бүлдіршіндер мен әскери қызметкерлердің балаларына беріледі.
Сондай-ақ, жеңілдік санатындағы, яғни, көпбалалы отбасылардың балалары және бірінші, екінші топтағы мүгедек бүлдіршіндер қамтылады.
Балабақшаларда орын жеткілікті. Бүгінгі күні қала бойынша 44 балабақша мен 2 бөбекжай, 44 шағын орталық бар.
Жақсыбек КЕМАЛ