«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталды

15.12.2023

Алматыда «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Осымен екінші рет өткізілген байқауға 300 өтінім түскен. «Үздік драматургия» аталымын ақын Исраил Сапарбай «Адам ата, Хауа ана» шығармасы үшін иеленді. Ал «Үздік проза» Қуандық Түменбайға бұйырды. Бұдан бөлек, «Үздік поэзия», «Үздік комикс», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті» аталымдары өз иелерін тапты. Байқаудың мақсаты – төл әдебиетімізді тың дүниелермен толықтырып, оны жаңаша биікке көтеру. Қаламгерлерге шабыт беретін бұл байқаудың басты шарты - туындылар еш жерде жарияланбаған болуы керек. Ал автоларлардың кім екенін қазылар алқасына белгісіз болған. Осы жолы да байқау жүлдегерлеріне 5 миллион теңгеден қаржылай сыйлық берілді.

Жанат Жаңқашұлы, «Үздік поэзия» номинациясының жеңімпазы:

Ұлттық «Айбоз» сыйлығымен марапатталып жатырмыз. Бұл біз үшін өте үлкен қуаныш.Бүгін міне осы жүлде «Көзімнен сүй, көбелек» атты топтама өлеңдеріме бұйырған екен, қуаныштымын. Шығармашылық адамға одан асқан бақыт жоқ.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу