Атырауда тұрғындар тәулік бойы сусыз отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тұрғындар тәулік бойы сусыз отырды

11.12.2023

Атырауда тұрғындар тәулік бойы сусыз қал отырды. Қала 9 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 23:30-да тіршілік нәрінен ажырады. Аяз әсерінен Жайық өзеніне мұз қатқан. Салдарынан «Атырау облысы Су Арнасы» мекемесіне қарасты су тазарту қондырғысының сорғы стансаларында ақау болған. Оқиға ізімен дереу арнайы комиссия құрылып, кәсіпорын жұмысшыларымен қоса төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Құбырларды тазалау бірнеше сағатқа созылған. Кеше ақау жойылып, қысым қалпына келтірілді. Шаһар тұрғындары толық сумен қамтылды. Қазір қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Нұрлыбек Бағыт


Атырау

Хабарламаларға жазылу