Бүгін Израиль мен Хамас арасында атысты тоқтату режимінің соңғы күні. Бұл келісім күшіне енгелі Хамас 39 израильдік әйел мен 18 шетел азаматын кепілден босатқан.
Ал Израиль түрмелерден 117 палестиналық әйел мен баланы үйлеріне жіберді. Төрт күндік бітім кезінде бас-аяғы 50 израильдік пен 150 палестиналық босатылуы керек. Хамас кепілдегі әр он адамды босатқан сайын, Израиль атысты тоқтату режимін тағы бірнеше күнге ұзартуға келісіп отыр. Газа секторындағы қарулы топ кепілінде әлі 180 израильдік, олардың арасында ондаған бала бар. Израиль тұтқын алмасу аяқталғаннан кейін әскери операцияны толық күшпен бастайтынын, және басты мақсаты Хамас-ты түбегейлі жою екенін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы