Бүгін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық күні. Осыған орай халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы басталды. Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында, «Шынымды айтсам…» интерактивті инсталляция ашылды. Тұрмыста зорлық-зомбылық көріп жүрген немесе соған куә болғандар арнайы кабиналарда жазба қалдыра алады. Анонимді түрде өтеді. Шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері ұйытқы болды. Мақсат - Қазақстандағы отбасында зәбір көретін әйелдер мен балалардың бастан кешкен оқиғаларына қоғам назарын аудару. Сондай-ақ қатысушылар еліміздегі зорлық-зомбылықпен күрес жолдарын ұсына алады. Шара желтоқсанның 10-на дейін жалғасады.
Гаухар Нұрша, БҰҰ ДБ Гендерлік мәселелер бойынша кеңесші:
Теміржол станциясында өткізіп жатқан себебіміз осында Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар келіп, осы көрмені көріп, қатысады деген үмітте ұйымдастырып жатырмыз. Тақырыптың маңыздылығын, көкейкестілігін көрсету үшін жалпы олардың да үнін, даусын-ақ қағазға түсіріп, жаңағы адамдарға көмектесуге одан әрі ұмтылады деп ойлаймын.
Қарагөз Тұрмағанбет