Бүгін Денис Тен жекелей сынға түседі

14.02.2014
Бүгін Денис Тен жекелей сынға түседі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис  Тен ерлер арасындағы жекелей сынның қысқа бағдарламасында 9-шы  орынға тұрақтады.
 
20 жастағы  Денис  алғашқы жаттығуды сәтсіз бастап,  одан кейінгі элементтерді ойдағыдай орындап шықты. Оның өнеріне мамандар 84,06  ұпай берді.
 
Ал, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев 20-шы орынға табан тіреп, шешуші кезеңге шықты. Бас жүлдеден негізгі үміткерлердің бірі - ресейлік Евгений Плющенко өнер көрсетуден өз еркімен бас тартты. Қысқа бағдарламада жапониялық  жас талант Юдзуру Ханю топ жарды. 
 
Жекелей сынның жеңімпазы мен жүлдегерлері бүгін анықталады. Еркін бағдарламаны сағат 21:00 де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.   
 
Денис Тен, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Бұл мұзайдынында шынымды айтсам жарысқа қатысып көрмеппін. Тек, бәсеке алдында, жаттығулар өткіздік. Соның да әсері болды ма, деп ойлаймын. Бірінші әдістен қателік жібергеннен кейін бірден жиналдым. Оған себепкер болған, менің жанкүйерлерім. Сол кісілердің дауысын естіп, елімнің қолдауын қатты сездім. Алғысымыз шексіз. 
 
Абзал Рақымғалиев, Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі:
Шынымды айтсам, бірінші үлкен жарысым. Қобалжу болды. Алғашқы әдісімнен қателік жібердім. Бірақ, өзім ойлаған жоспарымды жүзеге асыра алдым деп ойламын. Алдағы бәсекеде намысты қолдан бермеуге тырысыман.
   

Хабарламаларға жазылу