БҰҰ Газаға гуманитарлық көмек енгізе алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Газаға гуманитарлық көмек енгізе алмай отыр

17.11.2023

Біріккен Ұлттар Ұйымы Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізе алмай жатыр. Бұған энергия тапшылығынан интернет пен телефон байланысының үзілуі себеп.

Біріккен Ұлттар Ұйымы: қолдау көрсетілмесе, палестиналық анклавтағы екі миллионнан астам адамның түгелдей аштыққа ұшырайтынын ескертті. Израиль әскері қазір Газаны қоршап, «Хамас» жасақтарымен шайқасып жатыр. Бұл соғыс қазанның 7-де басталды. Содан бері 11 жарым мыңдай палестиналық мерт болды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу