Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілін қабылдады

01.06.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лайонсты қабылдады. Кездесуде Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігер аясында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу