Газаға 570 тоннадай гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газаға 570 тоннадай гуманитарлық көмек жеткізілді

21.05.2024

Газа секторына теңізде құрылған уақытша қалқымалы айлақ арқылы жеткізілген гуманитарлық көмек көлемі 570 тоннаға жақындап қалды. Мұны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы мәлімдеп отыр. Оның дерегінше, 10 жүк машинасына тиелген жәрдем Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасының қоймаларына апарылған.

Айта кетсек, сенбі күні осындай бес көлік қана қоймаға жетіп, қалған 11 машинадағы жүкті палестиналықтар орта жолда талапайлап әкеткен.

Газа секторында соғыс қазанның 7-де басталды. Содан бері бұл анклав Израильдің блокадасына алынып, оның аумағына көмек кіргізу қиындап, жүздеген мың адамға ашаршылық қаупі төніп тұр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу