Қазақстанда жыл сайын 22 мыңдай нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл сайын 22 мыңдай нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді

17.11.2023

Бүгін халықаралық шала туған нәрестелер күні. Елімізде жыл сайын 22 мыңдай нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Неанатолог-дәрігерлердің біліктілігі мен медицинаның қарыштап дамуы арқасында шақалақтарды аман сақтап қалу мүмкіндігі жылдан-жылға артып келеді. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда шала туған мың баланың 23-і қайтыс болса, қазіргі кезде өлім-жітім азайған. Бұл - Орталық Азия бойынша ең төмен көрсеткіш. Ерте босануға әсер ететін жағдайлар алуан түрлі. Елорда тұрғыны Севара Кәрімованың жағдайында, мерзімінен бұрын босануға жатыр миомасы себеп болған.

Севара Кәрімова, қала тұрғыны:

Үлкен размермен миома болды. Су кетіп қалды. Үш сағат операция болды. Реанимация бөлімінде сегіз күн, кейін ОВМ бөлімшесінде кувезде жаттық. Салмағы 1 келі 257 грамм болып туылдық. Бойы 38 сантиметр.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу