Қазақстанда жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді

08.10.2014
Қазақстанда жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді

Қазақстанда жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, тәулігіне мыңға жуық сәби дүниеге келеді.

«Репродуктивті денсаулықты қорғаудың негізгі міндеті босануға дейінгі көмекті көрсету болып табылады. Әйелдер босану үрдісіне дейін дәрігерге қаралып отыру қажет, бүгін оны акушерлер де жүзеге асырады. Біз, дәрігерлер ауру іздеп табуға құмармыз, ал акушерлер босану үрдісіне дейін қандай күтім керектігін, бұл істің бүге-шүгесін толық біледі», - деді Г.Омарова ОКҚ-де өткен брфингте.

Хабарламаларға жазылу