Қостанай облысында орман шаруашылығының басшысы сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында орман шаруашылығының басшысы сотталды

17.11.2023

Қостанай облысында орман шаруашылығының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды. Асхат Жақашев Әулиекөл ауданында болған былтырғы алапат өртке кінәлі деп танылған. Бұған дейін қылмыстық сот оны 371- бап бойынша айыптап, 4,5 жылға шартты жаза кескен еді.

Алайда істі қайта қараған облыстық сот алқасы бұл мерзімді нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бұрынғы басшы жеке кәсіпкерлерге өрт қаупі жоғары кезде орманда жұмыс істеуге рұқсат берген. Осы қызметіне жүйелі түрде ақы алып отырған. Екі жыл ішінде оның есепшотына осындай жолмен 15 млн теңге түскені анықталды.

Арман Шәмшиев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Жақашевтің әрекеті Қылмыстық Кодекстің 361-бабында белгіленген, қызмет бабын асыра пайдалануға жатады. Ал жаза істеген қылмысының және оның салдарының аса ауыр зардаптарға соқтыруына байланысты тағайындалды.

Дәуренбек Әбдібек


Қостанай облысы

Хабарламаларға жазылу